Астанада ескерткішке макияж жасаған әйел 200 мың теңге айыппұл арқалады

Астанада саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті қорлаған әйел жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ескеркішке макияж жасаған әйелге 200 мың теңге айыппұл салынған.
Астана полициясы жыл басынан бері қала бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін 171 азамат жауапқа тартылғанын мәлімдеді. Олардың 93-і қамауға алынса, қалғандары 10 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген.
"Біздің халық бірден бүлдіреді": Алматыдағы жаңа музей вандалдардың қолынан зардап шекті
2026 жылы қазақстандықтар жиі төлейтін айыппұлдар көлемі өседі
“Азаматша “күн сәулесі түскенде қалай көрінетінін байқап көру үшін салдым” дейді. Әрине, ұсталған азаматқа оның іс-әрекетінің заңсыз екенін, әкімшілік құқықбұзушылық қарастырылғанын түсіндіріп, әкімшілік хаттама толтырып сотқа жолдадық”, – дейді Астана қаласы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нысанбаев.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда көпқабатты үйдің кіреберісін өз қаражатына жөндемек болған азаматқа айыппұл салынған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді