Астанада Есілге батып бара жатқан адамды құтқарған тұрғын марапатталды

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Сайранұлы Әріновтың бұйрығымен Есіл өзенінде мұз астына түсіп кеткен ер адамды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін Айткен Азамат "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 10 желтоқсанда Марал көпірінің маңында болды. Серуендеп жүрген Азамат Омарұлы көмек сұраған дауысты естіп, суға батып бара жатқан адамға дереу көмекке ұмтылған. Оның жедел әрі батыл әрекетінің нәтижесінде 1963 жылы туған ер адамның өмірі аман қалды.
Салтанатты рәсімде Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Мұхаметкалиұлы Күлдіков Айткен Азаматқа медальді табыс етіп, батыл әрекеті үшін алғыс білдірді.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"