Астанада еркектердің көңілін аулап сексуалдық шеберлікке үйрететін гейша мектебі жұмыс істейді
Гейша шеберлігін үйрететін мектеп. Астанада ашылған орталық екі жыл көлемінде жұмыс істеп келе жатыр. Мұнда күйеуінің көңілін аулаудың қыр-сырын, ер кісілердің психологиясын түсіну, жақсы ана болуға, отбасын сақтап қалуға және түрлі тағамдар әзірлеуден бастап, сексуалды өмірдегі шеберліктерге дейін үйретеді.
Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тренингтер өз-өзіңді түсінуге және нағыз бақытқа ие болуға көмектеседі.
«Мен әйелдерді ішкі реакцияларын сезінуге, дұрыс ойлауға, өздерімен жақсы танысуға көмектесемін. Бізді сен осыны жасауға міндеттсің деп тәрбиелейді. Ол дұрыс емес. Біз бірнеше тілді меңгеруіміз мүмкін. Ал ішкі жан-дүниеміз туралы ештеңе білмейміз. Сондықтантепе-теңдікте өмір сүруді үйрену керекпіз» – тренинг орталығының басшысы Айжан Әліқұлова.
Психолог Жанна Әлиақпарованың айтуынша, мұндай тренингтер әйелдердің ер адамдармен қарым-қатынасын нығайтуға септігін тигізеді.
«Мұндай мектептер адамның мәдени деңгейін көтереді. Әйелдердің көбісі еркекпен сөйлесуді, оны естуді, тыңдауды, сезуді жоғалтып алған. Сол себепті ажырасу көп. Ал, бұл тренингтен үйренетін нәрселер жетерлік. Сол жерден алатын дәрістері арқылы өткізіп алған әйел құндылықтарын толықтыруға болады» – психолог Жанна Әлиақпарова.
Ал, әйел қоғамының көзқарасы да бұл шеберлікке әр түрлі. Мұның түбі жақсылыққа әкелмейді. Заманауи тренингтер әйелді тәуелді және жалтақ қылып тәрбиелейді деген пікірде.
«Мен қарсымын. Неге десеңіз, біздің қазақ баласының ата-бабамыздан жалғасып, сіңіп келе жатқан көзқарас, ол тәрбиеміз нағыз тәрбие», «менің ойымша қазақтарға гейша деген жараспайтын нәрсе. Ондай керек емес деп ойлаймын», «Енді гейша мектебі болса, елесте алмаймын не болатынын» дейді мұны құп көрмегендер.
Гейша мектебінің оқушылары алған шеберліктерінің арқасында өмірлерінде өзгеріс пайда болғанын алға тартады.
«Менде ең бастысы жан тыныштығы орнады. Сексуалды әйел болу шеберлігін үйрендім».
«Менің әпкелерім маған күледі, бұл мектеп не үшін керек деп. Ал, мен мұның жанымның косметологиясы екенін айтам», – дейді сабақалушының бірі.
Аталмыш мектепке баратын әйелдердің орташа жасы 18 ден 65 ке дейін.
Тағы да оқыңыз:
Елімізде теріс ағым ұстанушылар имамға бағынбай мешіттерде төбелес шығарып жүр
Қырғызстанда бірнеше ауыл арақтан түбегейлі бас тартты
1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады?