Астанада ер адам танымайтын бойжеткенді 7 жерінен пышақтап тастаған
Танымайтын бойжеткенге тарпа бас салып, жеті рет пышақтаған ер адам 15 жыл 6 айға сотталды.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылы 3 желтоқсанда бұрын сотталған 42 жастағы ер адам танымайтын бойжеткенге бас салып, 7 рет пышақтаған, деп хабарлайды sputnik.
Бойжеткен барынша күш жинап, көшенің қарсы бетіне өтіп, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамнан көмек сұраған, ол полиция және жедел жәрдем бригадасын шақырады. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде жәбірленуші аман қалды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі 9-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтейді.
Үкім заңды күшіне енді.
Тағы да оқыңыз:
Алматы облысында жеті айлық баласын еденге атып ұрған келіншек тек айыппұл төлейтін болды
Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырысты Әблязовтың бергені расталды