Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ер адам өз анасын қылғындырып өлтірді

Астанада алкогольді мас күйдегі ер адам өз анасын тұншықтырып өлтірді.

inx960x640

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қылмыс осы жылдың мамыр айында болған. Анасы мен баласы бірге сыра ішеді. Бір уақытта әйел арақ алып келуге барғысы келгенін айтады. Алайда бұл ұлына ұнамай, екеуінің арасында дау пайда болған.

Ұрыс барысында ер адам бір қолымен анасының қолындағы бөтелкеге жармасып, екінші қолымен оның мойынан қылғындырған.

Істі қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істерге жауапты сот қараған. Ер адам айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылады.

Оқи отырыңыз:

БҚО-да өрт кезінде 200 бас мал тірідей жанып кетті (видео)

Шымкентте 16 жастағы жігіт күйеуі ұрған әйелге араша түсемін деп ажал құша жаздады

Ақтауда қыз бен жігіт суға батып кетті (видео)

Ақтөбеде балабақшада бір жарым жасар қызды ит талады

Талқылау