Астанада ер адам бойжеткенді зорлап өлтірді
Астанада қызды зорлап өлтірген қанішер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Фото: Владимир Федоренко
Астанада теміржол бекетінде қызды зорлап өлтірген қылмыскер сотталды. Жас жігіт қызды зорлап, өлімші етіп жарақаттағанын мойындады.
Іс дерегі бойынша, 2016 жылы 5 қарашада Астана бекетінде белгісіз бір адам Ж. есімді қызға ауыр жарақаттайды.
Соның салдарынан комаға түскен жәбірленуші 8 қарашада қалалық теміржол ауруханасында есін жимастан көз жұмды. Қылмысты жасады деген күдікпен 12 қарашада 24 жасар Л. есімді азамат ұсталды, ол жасаған қылмысын бірден мойындаған. Сот 8 ақпан күні болды. Кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылған Л. 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіпті түзету колониясында өтейтін болады.
Талқылау