Астанада дүкен қызметкері басқа дүкенге барып пышақпен қаруланған ұрыны ұстаған

Астанада дүкен қызметкері сатушыға шабуыл жасамақ болып, ұрлыққа түскен ұрыны тоқтатып, полицияға тапсырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Kozachkov offside” Telegram арнасының мәліметінше, былтыр қыркүйекте 43 жастағы Орынбасар Ноғайбаев “Береке” деген азық-түлік дүкеніне кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, қоқан-лоқы жасаған. Сатушы қорыққаннан оған кассадағы барлық ақшаны, яғни 7 мың теңгені берген. Алайда ер адам ақшаны алса да кетпей қойған.
Сөйтіп сатушы басқа дүкенде қауіпсіздік қызметінің менеджері болып жұмыс істейтін Еркеұлан Әбдімәжітке телефон соғып, көмек сұраған. Ол “Береке” дүкеніне дереу жетіп, ұрыны ұстап, тоқтатқан. Кейін оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Тергеу барысында Ноғайбаев ұрлыққа түспес бұрын бірнеше күн алдында танысын көшеде ұрғаны анықталды. Ноғайбаев ер адамға сыра ішуді ұсынған, сөйтіп ішімдікті ішіп отырып Ноғайбаев оған жұдырық жұмсап, маңдай сүйегін және жақ сүйегін сындырған. Осылайша ол екі қылмыс жасады деп айыпталды.
Осыған байланысты Астананың ауданаралық қылмыстық істер соты 43 жастағы Орынбасар Ноғайбаевқа қатысты үкім шығарып, оны 3,5 жылға соттады.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты