Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада денесінде атомның суреті бар қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Астанадағы колледждердің бірінің студенті іздестірілуде. 18 жастағы Александра Сыздықова елордадан Петропавлдағы үйіне кетуі тиіс болған. Алайда содан бері хабар-ошарсыз кетіпті.

Астанада денесінде атомның суреті бар қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Бұл туралы Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Александра Сыздықова 27 қазанда Петропалдағы үйіне қайтуы тиіс болған. Алайда ол үйінен де, колледжден те табылмады.

Бойжеткеннің телефоны сынып қалғандықтан, шұғыл түрде үйіне барып келмек болыпты. Ол оқу орнында түсініктеме жазып қалдырып, сол күйі жоғалып кеткен. Туыстарының сөзінше, әдетте Александра көршісіне билетін көрсететін болған. Алайда бұл жолы олай істемепті.

«Сашаның жігіті жоқ. Ол бізден ештеңе жасырмайды. Егер жігіті пайда болса, міндетті түрде жақындарына айтар еді», – дейді Александраның туыс әпкесі Валерия.

Кәсіптік технихалық колледждің жатақханасындағы бейнебақылау камерасындағы жазбадан бойжеткеннің өзін біреу күтіп тұрғандай асығып кеткені байқалады.

Туыстарының пікірінше, Александраны алып қашып кеткен болуы мүмкін.

Бойжеткеннің ерекше белгісі – денесінде атом бейнеленген татуировка бар.

Астанада денесінде атомның суреті бар қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Александра туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден полицияға немесе 8 777 901 59 01 телефон нөміріне хабарласуы сұралады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау