Астанада бүлдіршін жаңбырдан кейінгі шалшық суға батып кете жаздады (видео)

Астанада бүлдіршін нөсер жауыннан кейінгі шалшық суға батып кете жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
Видеодан жолды кесіп өтпек болған баланың су толы шұңқырға құлап кеткенін көруге болады. Ол бірнеше рет шығуға тырысқанымен, тайғақ жер мен шұңқырдың тереңдігі балаға кедергі болады.
Оқиға болған сәтте жақын маңда балаға көмек көрсете алатын ересектер болмаған. Қуанышқа орай, бала өз күшімен орнынан тұрып, судан шығады. Алайда жанында ересектердің болмауын, шұңқырдың тереңдігін ескерсек, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді.
Мамандар ата-аналарға жауын-шашын мен тасқын кезінде, әсіресе балалар көшеде жүрген жағдайда аса мұқият болу қажет екенін ескертеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"