Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалған бала табылды: Астанада боранда қалған оқушыны қар тазалаушы аман алып қалған

Астанада боранда жоғалып кеткен мектеп оқушысы табылды.

Астанада жоғалып кеткен 2 сынып оқушысы Руслан Раджаповтың анасы мән-жайды айтты, деп хабарлайды Sputnik.

“Бала 2009 жылы туған, 2-сыныпта оқиды, есімі Руслан. Ата-анасы сабақ болмайтынын айтып, үйден шықпауын ескерткен. Алайда бала тыңдамай, таңғы сағат 07:44-те мектепке барамын деп шығып кеткен. Қазіргі таңда полицейлер оқушыны іздестіріп жатыр”, — деді ІІД жетекшісі.

Баланың табылғаны жайлы сүйінші жаңалықты sarkanai атты желі қолданушысы жариялады.

“Аллаға шүкір табылды бала! Қар тазалайтын адам көріп үйіне кіргізіп алыпты!
Алла разы болсын жақсы адамға!”, – деп жазды желі қолданушысы.

Бүгін елордада ақтүтек боранда 2-сынып оқушысы Руслан Раджапов жоғалып кеткені хабарлаған еді. Баланы полицейлер іздеуге салды.

Айта кетейік, Астанада  ауа-райы бұзылып, қатты дауыл соғуда. Тіпті, тұрғындар көшеде жаяу жүре алар емес. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектептер жабылып, оқушылардың сабағы уақытша тоқтатылды.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде қара киіммен тұмшаланған әйелдер мектеп алдында намаз оқып жұртты шошытты (фото)

Танымал қазақ миллионері тергеушілер жауапқа ала бастағандықтан шетелге көшкенін айтып берді

Діни басқарма мәлімдемесі: Балиғат жасына толған мұсылман қызына орамал тағу – міндет

Талқылау