Астанада бірқатар тұрғын үйлерде газ уақытша өшіріледі

Астанада бірнеше тұрғын үйде газ уақытша өшіріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
QAZAQGAZ AIMAQ өндірістік филиалының мәліметінше, Құлтума ақын көшесі, 25/1 мекенжайындағы жаңа газдандырылған нысанды орта қысымды Газ реттеу жабдықтары-8 газ құбырына қосу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты 2026 жылы 30 наурыз күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін тұрғындарға газ беру уақытша тоқтатылады.
Аталған жұмыстар келесі көшелердегі үйлерге әсер етеді:
- Басықара батыр;
- Нұрбесік;
- Бақтыбай ақын;
- Құлтума ақын;
- Танжарық Жолдыұлы;
- Базарлық;
- Ақтолқын;
- Бастаңғы;
- Сұлама тұйығы;
- Ізенді тұйығы;
- Болашақ.
Есептеу құралдары мен газ жабдықтарының бұзылу қаупін болдырмау үшін қала тұрғындарынан үй сыртында, газ құбыры кіреберісінде орналасқан авариялық газ крандарын жабу сұралады.
Қазақстанда газбен жылытуға төлем жасау ережелері өзгермек
Министрлік Шығыс Қазақстан облысындағы ауа сапасын газ тарту арқылы жақсартпақ
Жұмыстар аяқталғаннан кейін абоненттерге газ берудің қайта басталғаны туралы хабарланады.
Жұмыстар толық аяқталғанға дейін сыртқы газ крандарын өз бетінше ашуға қатаң тыйым салынады. Себебі бұл есептегіштердің және газ жабдықтарының істен шығуына әкелуі мүмкін.
Барлық сұрақтар бойынша QAZAQGAZ AIMAQ авариялық-диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады: (7172) 55-89-76; WhatsApp: 8 705 597 0204.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы жылу электр орталықтары жылдың соңына дейін газға көшетінін жазған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді