Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы "Көк-Төбе" тұрғын үй кешенінен 650 млн теңге жымқырған компания басшысы 7 жылға сотталды

афмВидеодан скрин

Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша "Дорстройтрест" ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізді. 

Еске салсақ, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ мен "Дорстройтрест" ЖШС арасында құрылысқа инвестиция тарту туралы шарт жасалып, оның аясында мердігерге 2,6 млрд теңге аванс аударылған. Алайда құрылыс жұмыстары тиісті талаптарға сәйкес жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. 

Аванстың едәуір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған. Бұдан бөлек, 650 млн теңге жалған шарттар арқылы аффилирленген компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сот үкімімен "Дорстройтрест" ЖШС басшысы Нұрабаев кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Сондай-ақ сот шешімімен жалпы құны 131 млн теңге болатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 16:47
Талқылау