Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада бір пәтерге 3450 адам тіркелген

Астанада тұрақты және уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу стандартын белгілеу жоспарланып отыр. Енді бір азамат үшін қанша шаршы метрден келетіні нақтыланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Астана мәслихаты тұрғылықты жері бойынша бір азаматқа шаққандағы стандартты шаршы метрді анықтайды. 

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметте өткен брифингте елордада азаматтарды жаппай тіркеген фактілер анықталғанын айтты.



“Мұндай тексерістерді полиция жүргізеді. Олар Астанада бір пәтерде 3450 адам тіркелгенін хабарлады. Сондықтан мәслихат бұл нормаларды қабылдаса да, бақылау функциялары біреуге берілуі тиіс”, – деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, тіркеу стандарттарын бақылау функциялары ішкі істер министрлігіне берілуі мүмкін.

“Мұны не әкімдік, не ішкі істер министрлігі қарайды. Сірә, ішкі істер министрлігін таңдар, өйткені олардың мүмкіндігі бар. Учаскелік полиция қызметкерлері тиісті үйлер мен аудандарды қадағалайды”, – деді премьер-министрдің орынбасары.

Талқылау