Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көп қан жоғалтты": Астанада жекеменшік зертхана қызметкерлері жаңа туған баланың қолын жуан инемен тескілеп тастаған

бала фрипик

Фото: Ru.freepik.com

Екі апталық баласын билирубинге қан тапсыруға апарған астаналық келіншек емхана қызметкерлерінің жұмысна шағымданды. Салдарынан сәби көп қан жоғалтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушысының айтуынша, жаңа туған сәбиін билирубинге тексерту үшін Invivo зертханасына қан тапсыруға апарған. Рәсімдеу кезінде нәрестенің 2 апталық екенін ескерткен.

“Жақсы деді. Бірақ баланы үш жерден тескілеп тастады. Қан ала алмады. Ине тым үлкен екен. Баланың қолына бұрау саламыз деп қысып қалды. Сөйтіп бала көп қан жоғалттты. Нәтижесінде зертханада балалардан қан алатын арнайы ине жоқ екені, қызметкерлердің жаңа туған баладан қан ала алмайтыны белгілі болды. Тіпті соңында “Қызметкерді үйге шақыртыңыз, оларда жаңа туған балаларға арналған ине бар. Бізде ондай жоқ” деді”, – деп жазды ашынған ана.

Ол зертхана қызметкерлерінің бұл жағдайды алдын ала ескертпегеніне ашуланды. Қазір баланың жағдай жақсы. Желі қолданушысының айтуынша, болған оқиғадан кейін зертханадағылар бірден байланысқа шығып, жағдайды түзетуге тырысқан.

“Бірден хабарласып, жазып, бірнше рет кешірім сұрады. Қызметкерді үйге жіберіп, қызмет көрсетуді ұсынды. Алғашында бас тарттым. Бірнеше рет кешірім сұраған соң қабылдамауым дұрыс болмас дедім. Келесі күні үйге қызметкер жіберіп, түстен кейін сараптама нәтижесі дайын болды. Сөйтіп бұл мәселе шешілді. Десе де көңілде кірбің қалып қойды. Алдағы уақытта онда баламен бармайтын шығармын”, – деп жауап берді желді қолданушысы. 

Әлеуметтік желіде қыз-келіншектер босанған перзентхананың өзінде баланы билирубинге тегін тексеретінін айтып, кеңес берді. 

Invivo медициналық зертханалар желісі өз кезегінде келеңсіз жағдай үшін кешірім сұрады. 

“Не болғанын нақты түсіну үшін бұл жағдайды міндетті түрде тексеріп, ішкі қызметтік зерттеу жүргіземіз. Әсіресе, сәбилерге қатысты процедуралардың сапасы мен қауіпсіздігіне біз аса мұқият қараймыз. Бұл жағдайды назардан тыс қалдырмағаныңыз үшін алғыс айтамыз. Сізге жеке хабарласып, мән-жайын нақтылаймыз және барлық ақпаратты жауапты мамандарға жолдадық”, – деп түсініктеме берді зертхана.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 16:26
Талқылау