Астанадағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі балаларды жарты жыл бойы ұрып келген
Фото: threads.com/@sem_semych
Астанадағы №21 "Гүлдер" балабақшасында тәрбиеші көмекшісінің тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 19 дерегі тіркелді. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, соңғы жарты жыл ішінде аталған балабақшада балалар жүйелі түрде физикалық қысымға ұшыраған. Автордың айтуынша, тәрбиешілер, балабақша меңгерушісі мен әдіскер бұл жағдайдан хабардар болғанымен, ешқандай шара қолданбаған. Бақылау камераларындағы жазбаларды үш күн бойы қараудан кейін балаларға жасалған зорлық-зомбылықтың 19 эпизоды анықталған.
Астананың Білім басқармасы бұл ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, оқиға бойынша барлық қажет шара қабылданған. Тәрбиеші көмекшісі тәртіптік негізде қызметінен босатылды. Іс материалдары полиция департаментіне жолданып, қазір қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Тәрбиеші көмекшісінің тәрбиеленушіге физикалық күш қолдануы бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы расталды", – деп хабарлады білім басқармасы.
Атырауда жеті айлық сәби балабақшада шетінеп кетті: Балабақша бұған дейін заңсыз жұмыс істеп келген
Қызылордада балабақша қызметкері кішкентай қызды қайнаған суға күйдірген
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте "Ай Көркем" балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі үш жасқа толмаған баланы тепкілеп, бетінен сызғышпен ұрғанын жазған едік. Жәбірленушінің анасы Салтанат Есіркепованың айтуынша, күтуші баласын екі сағат бойы сызғышпен бетінен ұрып, теуіп, сүйреп, құлатып, ішінен ұрған.

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
