Астанада автобус мен көлік соқтығысып 11 жасар бала қайтыс болды
Астанада Тoyota RAV-4 автокөлігінің жүргізушісі қоғамдық автобуспен соқтығысып қалды. Апаттың салдарынан қоғамдық көліктің үш жолаушысы зардап шегіп, автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы аруханада көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы таңертең сағат 10-дар шамасында Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында орын алды.
“Тoyota RAV-4 маркалы автокөліктің 47 жасар жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып, сол жақтағы Пушкин көшесіне бұрылу кезінде, қарама-қарсы бағытта Кенесары көшесі бойымен келе жатқан қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан көліктің ішінде болған 11 жасар бала алған жарақаттардан ауруханада көз жұмды”, — деп хабарлап, жүргізушінің жағдайы әлі анықталып жатқанын атап өтті Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, дене жарақатын алған автобустың үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуіне тиісті тексерулер жасалып, медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК 345-бабы (ЖЖЕ бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оқи отырыңыз:
Алматыда троллейбус студент қызды қағып кетті (фото)
Қостанайда қайнап тұрған суға күйіп қалған 10 айлық сәби шетінеп кетті