Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада автобус апатқа ұшырап, 14 жолаушы зардап шекті

Автобустағы 14 адам зардап шектіФото: Видеодан скрин

Астанада Mercedes маркалы автобус Қабанбай батыр даңғылында бұрыламын деп жол жиегіне түсіп кеткен. Апат салдарынан 14 жолаушы медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл жарақат алған. Кейбірі амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары тексеруден өтуді жалғастыруда. Қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Қабылдау бөлімінде зардап шеккендерге тиісті мамандар алғашқы тексеру жүргізді. Олардың бір бөлігі амбулаторлық емге жіберілді, қалғандары қосымша тексеруден өтуде. Негізінен жолаушылар жеңіл жарақат алған", – делінген басқарма хабарламасында.


Абай облысында көлік қаққан тағы бір баланы санитарлық авиациямен Семейге жеткізді


Ауғанстанда автобус аударылып, 80-ге жуық адам қаза тапты


Еске салайық, бұған дейін жылғы 2 маусымда Астанадағы №1 автобус паркіне тиесілі автобус жол апатына ұшырап, 15 жолаушы зардап шекті. Сол апат кезінде 8 жасар Алуа есімді қыз аяғынан айырылды. Кейін ол ауруханадан шығарылып, Ақмола облысындағы тұрғылықты жерінде оңалту курсын өтетін болды. Қыздың протез бен ем-дом шығындарын мемлекет өз мойнына алды. Жүргізушінің кінәсі сараптама қорытындысымен расталғанымен, "Рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды. Дегенмен ол қылмыстық жауапқа тартылған болып есептеледі.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 25 Тамыз, 2025 12:49
Талқылау