Астанадағы автобус апатында аяғынан айырылған қыз бала ауруханадан шығарылды
Фото: instagram.com/help.aluabeken
Астанада автобус апатынан екі аяғынан айырылған қыз бала оңалту орталығынан шығарылды. 7 жасар Алуа Бекеннің анасының айтуынша, қыздың жағдайы қазір жақсы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
7 жасар қыз енді оңалтудың келесі кезеңін басқа жерде жалғастырады. Жақын арада отбасы Алуаға арналған протездерді сатып алумен айналыспақ. Анасы қыздың эмоциялық күйі де тұрақталғанын айтты. Қазір отбасы реабилитация кезінде уақытша берілген төрт бөлмелі пәтерде тұрып жатыр.
Анасының айтуынша, бұл баспана қазан айында пайдалануға беріледі.
20-дан астам адам зардап шекті: Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды
Еске салайық, бұған дейін 2 маусым күні Астанада автобус бағанаға соғылып, салдарынан 15 жолаушы зардап шеккен еді. Сол оқиғада Алуа есімді бүлдіршін аяғынан айырылды. Қалалық №1 автобус паркі кейінірек хабарлағандай, жүргізуші бағананы байқамай қалған. 17 маусымда денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Алуа ауруханадан шыққанын, Ақмола облысындағы тұрғылықты жері бойынша оңалту курсын өтетінін айтты.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
