Астанада алғашқы Allur | Li Auto толыққанды дилерлік орталығы ашылды

Дилерлік орталықтың ашылуына компанияның халықаралық бизнесін басқаратын Li Auto халықаралық бағытының төрағасы Нестор Ву арнайы келді. Сонымен қатар қазақстандық Allur автокөлік компаниясының басшылығы, клиенттер мен серіктестер, танымал автоблогерлер мен инфлюенсерлер қатысты. Қонақтарға Li Auto модельдер легі – L6, L7 және L9, инновациялық интеллектуалды жүйелер мен сервистегі жоғары стандарттар көрсетілді.

"Біз үшін әр дилерлік орталықтың ашылуы тек желінің үлкеюі емес. Бұл – клиенттер үшін тұрақты, ыңғайлы және инновациялық экожүйе құруға жасалған қадам. Li Auto – жайлылық, таңғалаларлық технология мен келешекке деген сенімді көзқарастың тоғысуы. Оның үстіне біз айтып отырған келешек те жақындап келеді. Li Auto-мен стратегиялық келісімшарт жасасу біздің компания үшін маңызы үлкен және ақпанда Алматыдағы желімізді үлкейтіп, 3S форматындағы заманауи автоорталықты ашамыз", – деді Allur компаниялар тобының Бөлшек сауда бойынша директоры Мұхамед Әлімханов.

"Бүгін Астанада ашып отырған дилерлік орталық автосалоннан да үлкен. Біз нарық көшбасшысы – Allur компаниясымен бірлесе отырып жаңа кеңістіктің негізін қаладық. Мұнда дамудың жаңа тарихы, интеллектуалды жүйе, гибридті шешімдер мен премиалды жайлылық тоғысады", – деді Li Auto-ның халықаралық бизнесі бойынша басқарушы директоры Нестор Ву.
Li L6 көлігі Pro және Max жабдықтамаларында ұсынылған, ал бағасы 22 990 000 теңгеден басталады. L7 және L9 модельдері жақсартылған интерьері, үлкен экран және салондағы қосымша жайлылықтары бар Ultra жабдықтамасында ұсынылды.

Allur | Li ресми дилерлік орталығынан жаңа гибридті автокөлік алған клиенттер үшін үш жылға немесе 100 мың шақырымға дейін кепілдік, түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен бағдарламалық жүйесін тұрақты жаңарту мүмкіндігі қолжетімді. Жаңа автоорталық клиенттерге сатудан кейінгі толық циклді сервис ұсынады. Li көліктерінің иелері жоғары деңгейдегі ресми қызмет көрсету сапасын сынап көрді.

Allur компаниясы Li Auto модельдер легін кеңейтіп, қаржы өнімдері мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуді енгізуді жоспарлап отыр.
Жаңа дилерлік орталық Тұран даңғылы, 59/4 мекенжайында орналасқан.
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты