Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың суреттері алып тасталды

Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың әр жылдары түскен суреттері алып тасталды. Әкімдік оның орнына гүлзарлар қойылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: 2Gis пен оқырманнан Stan.kz коллажы

Әкімдік мәліметінше, Керей, Жәнібек хандар алаңын абаттандыру мақсатында жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Жөндеу жұмыстары аясында құрылымдар бөлшектелді. Оның орнына көпжылдық гүлзарлар пайда болады. Сондай-ақ жарықтандыру тіректері орнатылып, көше жиһаздары жаңартылады. 



Бұрын бұл жерде экс-президенттің әр жылдары түскен фотолары бар стендтер орналасқан еді.

Еске салсақ, бұған дейін Дариға Назарбаева мен бірнеше кәсіпкер "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылған еді. 

Талқылау