Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әкім атын жамылып мейрамханаларға 2 миллион шығын келтірген алаяқ ұсталды

Елордада мейрамханаларын сан соқтырып кеткен алаяқ қолға түсті. Айта кетейік бұған дейін мейрамханарға әкімшілік атынан хабарласып қымбат ішімдіктерге тапсырыс беріп жүрген алаяққа іздеу жарияланған болатын.

Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Астана және Алматы қалаларындағы мейрамхана әкімшілеріне қатысты жасалған бірқатар алаяқтық ісі ашылды.  Алаяқтық әрекеттерімен жалпы сомасы екі миллион теңге шығын  келтірген ер адам ұсталды, деп түсіндірді ІІД-де.

Қазіргі таңда 15 іске қатысы бар күдікті тергелуде. Полицейлер анықтағандай, алаяқ телефон арқылы мейрамхана басшыларына өздерін қала әкімдігінің немесе ұлттық компаниялардың өкілі ретінде таныстырған. Олар банкет жасауға ниетті екендіктерін білдіріп қонақтар арасында танымал адамдардың болатынын хабарлаған.

Тапсырыс беруші банкеттің төленетінін ескертіп,  мейрамханада жоқ қымбат ішімдіктерге де тапсырыс берген. Алаяқ мейрамхана қызметкеріне ондай элиталы ішімдіктерді қандай дүкендерден алуға болатынын айтқан. Алайда, олар  бірнеше уақыттан кейін мейрамханаға қайта хабарласып, сол дүкенде жүргенін айтып, Qiwi-әмиянға ақша салып жіберсе қажетті ішімдікті өздері ала салатынын мәлімдеген. Ал банкет аяқталғаннан кейін толық төлем болатына сенген қызметкерлер тапсырыс беруші атаған соманы Qiwi-әмиянға салған. Қажетті қаражатқа қолдары жеткен тапсырыс берушілер  телефондарын сөндіріп, хабарсыз кеткен.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды

Қазақстандықтар бұдан былай қоқыстарын бірнеше бөлікке сұрыптап тастауы тиіс болады

Балиева ОҚО-да “сексуалды зорлыққа” ұшыраған 7 жасар баланың жағдайы туралы айтты

Бишімбаевтың әйелі: Күйеуімді он жылға соттайды деп ойлаған жоқпын

Талқылау