Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада адасып қалған 3 жасар қыздың әкесі табылды

Астанада 7 күннен бері іздеуде жүрген Милана есімді қыз баланың әкесі табылды.

3016995

Айта кетейік, 10 тамыз күні өзін Милана деп таныстырған 3-4 жастағы қыз баланы адасып жүрген жерінен полицейлер тапқан еді. Оның ата-анасына іздеу жарияланды.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршіннің ата-анасының кім екені анықталды.

Қазіргі уақытта бүлдіршіннің анасының да аты-жөні анықталды, ол – Дамиля Ахметшина, 1988 жылы туған Павлодар облысының тұрғыны. Баланың анасын табу бойынша іздестіру шаралары жүріп жатыр», – делінген мекеме жолдаған хабарламада.

Әкесі 37 жастағы Вячеслав Гераськоның айтуынша, ол Милананың анасымен азаматтық некеде болған. Әйелі 2015 жылы қызымен бірге Теміртауға кетіп қалғаннан бері оларды көрмепті. Әйелі ішімдікке әуес болған. Милана жайлы әкесіне оның танысы хабарлаған. Милана қазір бейімдеу орталығында. Әкесінің тұрақты жұмысы мен баспанасы жоқ. Ол қазір құрылыста жүр.

Тағы да оқыңыз:

Оңтүстік Қазақстанда үйлену тойында атыс болып екі адам жараланды

Қуат Найман “Астананың” жеңілісінен соң Қазақстанда футболға тыйым салуды ұсынды

Ақтөбеде кафеге келушілер 2500 теңге үшін әкімшіні өлтіріп, үш-ақ жылға сотталды

Адасып қалған студент қыз орманда бір ай бойы саңырауқұлақ пен жидек жеп күн көрген (фото)

Талқылау