Астанада 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әуе кеңістігі жабылады
Азаматтық авиация комитеті Астанада өтетін әскери парадқа дайындыққа байланысты әуе кеңістігі уақытша жабылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Астана әкімдігі
Астанада өтетін әскери парадқа дайындыққа байланысты 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери авиацияның жаттығу ұшулары үшін әуе кеңістігі уақытша жабылады.
Жолаушыларға осы кезеңде ұшулардың кестесіне әсер етуі мүмкін екенін ескеріп, рейстердің нақты мәртебесін өздері ұшатын авиакомпаниялар мен әуежайдың анықтама қызметтерінен нақтылауы ұсынылады.
Байланыс нөмірлері:
- Air Astana:
+7 (727) 244 44 77
+7 (7172) 58 44 77
+7 702 702 44 77
+7 705 927 44 77
- SCAT:
+7 (7252) 99 88 80
- Qazaq Air:
+7 (727) 356 14 14
- FlyArystan:
+7 (727) 331-10-10
+7 702 702 02 27 (WhatsApp)
- Астана әуежайы:
+7 (7172) 70 29 99
Еске салайық, бұған дейін Астанада 13 наурыздан бастап әуе және көлік қатынасына уақытша шектеу енгізілетінін жазған едік. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласында өтетін әскери парадқа дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды тасымалдау және әскери техниканың теміржол көлігімен де, өз жүрісімен қозғалысы басталады деп жоспарланған. Осыған орай еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.