Астанада үйлердің шатырын ұшыратын қатты дауыл болады
Астана әкімдігі желдің күшеюіне байланысты тұрғындарды абай болуға шақырды.
ПИК-терге үйлердің қасбеттерін тексеру және тұрғындарды уақытылы хабардар ету тапсырылды. Тұрғын үйлердің қаптамалары, керамогранит, алюкобонд, парапет және т.б. құлауын байқасаңыз, қызмет көрсетуші ұйымға немесе тіршілікті қамтамасыз ету бөлімдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
«Алматы» ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі: 36-34-07, 8-702-444-52-99.
«Сарыарқа» ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі: 55-66-06, 8-778-781-49-89.
«Есіл» ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі: 57-45-59, 8-701-999-55-52.
Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы: 32-14-04.
Жұма күні, 31 наурызда елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынды, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +2…+4°С болады.
Оқи отырыңыз:
Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды
Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс
Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы парламентке түсті
Мұғалімдер тағы да міндетіне жатпайтын жұмыстарға “жегілмек”