Астана тұрғынының банкоматқа салған 1 млн теңгесін белгісіз біреу ұрлап кеткен
Астанада белгісіз біреу елорда тұрғынының банкоматқа салған бір миллион теңгесін ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Жәбірленуші банкомат арқылы есепшотына ақша салмақ болған. Азамат банкноттарды банкоматқа салып, операция аяқталды деп ойлап, терминалдан алыстап кеткен. Алайда техникалық себептерге байланысты ақша салынбай, банкомат ақшаны қайтарып берген. Жәбірленуші ақшаның кері қайтқанын көрмеген. Осы сәтті пайдаланған ер адам ақшаны алып, қашып кеткен.
Заңсыз әрекет жасады деген күдікпен полицейлер 34 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ұрланған ақшаны жеке қажетіне жұмсаған.
Айыпталушы кінәсін мойындады. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Еске салсақ, Атырауда блогер прокурордың қалтасынан 20 мың теңге ұрлағаны үшін сотталды.
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады