Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны оқушылардың букмекерлік кеңселерге емін-еркін кіруіне наразылық білдірді

Астана тұрғыны мектеп оқушыларының букмекерлік кеңселерге емін-еркін кіруіне наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Желіде Астанадағы қоғамдық көлікте жүруге арналған Avtobys қосымшасы арқылы букмекерлік кеңселерге кіруге болатыны туралы шағым пайда болды.

"Avtobys қолданбасы арқылы букмекерлік кеңселерге кіруге болады. Оны барлығы пайдаланады, оның ішінде мектеп оқушылары да бар", – дейді қала тұрғыны.


"Бәс тігу жарнамасынсыз кино көреміз": Қазақстанда букмекерлік ойындар жарнамасы барлық сайттан алынбақ


CTS көлік компаниясы "Мектеп оқушысы" профилімен тіркелген қолданушының Avtobys мобильді қосымшасындағы букмекерлік кеңселерге қол жеткізе алмайтынын мәлімдеді.

"Ойын бизнесі туралы" заңға сәйкес "21 жасқа толмаған жеке тұлғалардың, сондай-ақ ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына" тыйым салынады. Тиісінше, ойын бизнесін ұйымдастырушы өз тарапынан 21 жасқа толмаған адамдардың тіркелуіне шектеу қояды", – делінген компания хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді букмекерлік кеңселер азаматтарға SMS-хабарлама жібере алмайтыны туралы жазған едік. 

Талқылау