Астана тұрғыны 5 мың теңгеге алған Tesla көлігін 23 млн теңгеге сатылымға қойды
Астана тұрғыны 5000 теңгеге сатып алған Tesla Model S көлігін сатылымға шығарды.
Бұл туралы хабарландыру Kоlesa.kz сайтында жарияланды. Ұтысқа ойнатылған қымбат көлік күз айында ойынға қатысушы елордалық Юрий Князькинге бұйырған еді.
Иесі енді көлікті 23,5 млн теңгеге сатылымға қойды. Бұл көлік маркасының 2013 жылы шыққан түрлерінің орташа бағасы 22 млн теңгеге шығады.
«Tesla өте ыңғайлы көлік. Қыста қыздырудың керегі жоқ. Смартфон арқылы алдын ала басқарып, оталдыра аласың. Астанада бір ғана қуаттандыру орны бар. Алматыда ондай орындар көп. Сондықтан маған ыңғайсыздық тудырды», – деп Юрий көлігін не себепті сатпақ болғанын түсіндірді.
Ол көлік ақшасына баспана алмақ ойын айтты.
Талқылау