Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Астана Моторс" жаңа Hyundai Tucson көлігіне өндіріс пен сатылымның басталғанын хабарлайды

"Астана Моторс" құрамындағы Қазақстандағы Hyundai ресми дистрибьюторы жаңа Hyundai Tucson өндірісі мен сатылымының басталғанын хабарлайды. Қазақстандағы автомобиль нарығындағы сөзсіз көшбасшы 2023-2024 жылғы сатылым қорытындысы бойынша рестайлингтік нұсқада шығады. Автокөлік өз иелеріне жайлылық, қауіпсіздік және көлік жүргізу ләззатын ұсына отырып, әдемілік пен функционалдылықты біріктіреді. Hyundai Tucson-ды халықтың таңдауына айналған автомобиль деп атасақ болады. Себебі ол ай сайын ҚР нарығында ұсынылған барлық автомобильдердің арасында сатылым бойынша бірінші орында тұр. Tucson-ныңтанымалдылығының басты себебі –  қазақстандықтардың барлық қажеттіліктеріне жауап беретін, әмбебап әрі заманауи қалалық кроссовер. Жаңа Tucson Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытының конвейерінен шығып, Қазақстандағы барлық ресми Hyundai дилерлік орталықтарында сатылымға шықты. 

2024 жылғы Hyundai Tucson жаңалықтары

Жаңартылған экстерьер дизайны: жаңа дизайн алдыңғы оптиканың айқын элементтерімен және асыл тастың қырына ұқсайтын шанақтың бүйірлік панельдерімен “параметрлік динамика” фирмалық стилінде сәнделген. 

Бампері бұрынғыдан да “қатыгез” көрінеді. Мұны алдыңғы және артқы жапсырмалардан байқауға болады. Параметрлік күндізгі жүріс шамдары жаңа пішінге ие болды. Дизайнерлер жаңартылған Hyundai Tucson-да оларды радиатор торына кірістірді.

Түстер палитрасы кеңейтілді. Енді Ultimate Red Metallic (қызыл), Pine Green Matte (күңгірт жасыл), Cypress Green (жасыл) және Sailing Blue (көк) реңктері қолжетімді.

Инновациялық жайлылық шешімдері: Қайта ойластырылған интерьер жолда барынша жайлылық пен жеңілдікті қамтамасыз ететін интуитивті түсінікті технологияларды қамтиды. Мысалы, Shift-By-Wire технологиясы бар беріліс қорабының селекторы руль бағанына жылжытылған. Бұл көлікті басқаруды одан да жайлы етеді. Руль дөңгелегі өзгерді, енді ол үш шабақты пішінге ие. Жаңа дизайнда орталық консоль “қалықтап тұрғандай”. Бұл бос кеңістікті барынша кеңейту үшін жасалған. Енді Tucson көп функциялы USB-C порттарымен смартфондарды сымсыз қуаттауға арналған құрылғысымен жабдықталған. 

Жақсартылған ақпараттық ойын-сауық жүйесі: жаңа қиғаш панорамалық экран Apple CarPlay және Android Auto қолдайтын аспаптар тақтасы мен әрқайсысының диагоналы 12,3 дюймдік орталық дисплейді біріктіреді.

Жаңа Hyundai Tucson-ның жақсартылған салоны премиумды материалдармен әрленген, жаңа эргономикалық орындықтар орнатылған. Айта кету керек, кроссоверде артқы орындықтарды қашықтан бүктеудің ыңғайлы функциясы пайда болды.

Қауіпсіздіктің озық технологиялары: Hyundai Tucson 2024 автокөлігі Hyundai SmartSense қауіпсіздік жүйелерінің озық кешенімен жабдықталған. Көмек көрсету функциясы қиылыстардан өткенде соқтығысудың алдын алады. Оған қоса адаптивті круиздік бақылау, тұрақ радарлары, қозғалыс жолағында ұстау көмекшісі бар.

N Line арнайы нұсқасы: Hyundai Tucson спорттық нұсқасы эксклюзивті дизайнға ие болды — радиатор торының ерекше өрнегі, он тоғыз дюймдік жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілері, түтіндіктің қосарланған келтеқұбырлары, дөңгелек аркаларындағы шанақ түсіне боялған жапсырмалар, жарқын интерьер дизайны және қызыл тігісі бар күдерімен қапталған орындықтар.

Бағалар мен қолжетімділік: Жаңа Hyundai Tucson 2024 Қазақстан бойынша Hyundai дилерлік орталықтарында қолжетімді. Бағасы жиынтықталымы мен опцияларына байланысты 14 290 000 теңгеден басталады.

Толығырақ ақпаратты "Астана Моторс" тәулік бойғы байланыс орталығының 7007 телефоны арқылы білуге болады.

Талқылау