Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана мешітінде келушінің күртесі мен қалтасындағы 200 мың теңге ұрланды

Астана мешітінде келушілердің бірінің күртесін  киіп, ұрлап кеткен ұры ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз-қызметі хабарлады.

Күртенің қалтасында құжаттары мен ақшасы бар әмиян, ұялы телефон, автокөліктің кілті болған. Шығын 200 000 теңгеге жуық ақшаны құраған.

Полицияға қала тұрғыны 4 қаңтарда сағат 15.00 шамасында белгісіз тұлға С. Рахимов көшесінің бойында орналасқан мешіттегі киім ілетін орыннан жасырын түрде күртесін жымқырып кеткені туралы арызбен жүгінген.

Полицейлер ұрыны іздестіру нәтижесінде 47 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұрын да бірнеше ұрлық жасаған болып шықты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (“Ұрлық”) бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау изоляторына жабылды.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті азаматтарды қырағы болуға, өз мүлкінің сақталуына ұқыпты қарауға, қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауға шақырады.

Тағы оқыңыз:

Талғат Ермегияев 5 тәулікке изоляторға отырғызылды

Ақтөбеде 5 баланың әкесі қарттар үйінде тұрып жатыр

Шымкентте жалғызбасты ана балаларын асырау үшін қайыр сұрауға мәжбүр

Теміртау халқы 11 млн теңгеге қалаға екі шырша алған әкімдіктің ұрлығын ашты

Талқылау