Астана маңындағы өрт үш күннен бері ауыздықталар емес
Үш күннен бері Астана маңындағы өртті сөндіру жұмыстары жасалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері 80 гектар аумақтағы жалынмен күресуде. Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация көлемі 447 тонна суды 149 рет ағызды.
"20 маусым күні сағат 20:16-да Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйлеріне кетті. Қазіргі уақытта 34 адам, сегіз бірлік техника жұмылдырылды", – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астана маңындағы өртті толық жою үшін бірнеше апта кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"