Астана маңынан пакетке салынған жаңа туған нәресте табылды

Астана маңында пакетке салынған нәрестенің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қосшы қаласында жол жиегіндегі жеке секторлардың бірінен шамамен 6–7 айлық жаңа туған нәресте салынған пакет табылғанын @nayza_kokshe паблигі хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның өлі туғаны немесе туғаннан кейін өлгені анықталмақ.
Ақмола облысы полициясы бұл дерек бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Аталған факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомство.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”