Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Субұрқақтың ақшасын жымқырған: Астана мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды

Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов қамауға алынды. Ақпаратты журналист Михаил Козачков өзінің желідегі арнасында мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Михаил Козачковтың мәліметінше, Болат Мажағұлов 2016 жылы Күн фонтанының құрылысы кезінде ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Нысанның ашылуы елорданың бұрынғы президенттің туған күніне орайластырылған. Алайда 2017 жылдан бері субұрқақ жарамсыз күйде тұр.

Тергеу барысында бұл жоба салық төлеушілерге миллиард теңгеден астам шығын әкелген. Мәдениет бөлімі оны мемлекеттік тапсырыссыз салып үлгерген. Тіпті субұрқақтың жобалық-сметалық құжаты жоқ, мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Кейінірек анықталғандай, "Күн" сапасыз материалдардан жасалған, сондықтан ол тез істен шықты. Тергеуді жүргізіп жатқан қаржы агенттігінің мәліметінше, бұған Астанадағы мәдениет басқармасының сол кездегі басшысының тікелей қатысы бар. Тергеу аясында Болат Мажағұловтың 3 коммерциялық үй-жайына, 2 автотұраққа және премиум-класс ғимаратындағы пәтеріне шектеу қойылған.

Іс бойынша басқа да күдіктілер бар – бұл субұрқақты салған мердігер компаниялардың өкілдері. Олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын мүлкі тәркіленді.

Болат Мажағұлов 1983 жылы 1 тамызда Алматыда дүниеге келгені белгілі. Қазақ ұлттық өнер академиясын "гобой" сыныбында бітірген. Астана мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінде гобойшылар тобының концертмейстері болды.



  • 2007-2008 жылдар аралығында мәдениет министрлігі тарихи-мәдени мұра департаментінің бас маманы, өнер бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
  • 2009-2010 жылдары Бейбітшілік және келісім сарайының директоры болды.
  • 2010-2019 жылдары Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарған.
  • 2020-2021 жылдары ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі (қазіргі Мәдениет және ақпарат министрлігі) этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығын басқарды.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Мұхамедиұлына тиесілі құны 1,2 миллиард теңгеге бағаланған мектеп мемлекетке қайтарылғанын жазған едік. Алматы прокуратурасының мәліметінше, мектеп құны 1,2 миллиард теңге. Бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлы сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Артынша "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Миллиардтаған қаржы жымқырып, жекеменшік мектепті заңсыз иемденді деп айыпталған Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталған еді. Оған екі эпизодты қамтитын қылмыстық іс бойынша үкім шықты. 

Талқылау