"Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды
Фото alrt.kz
"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Арданды Түркияның құқық қорғау органдары ұстап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2019 жылғы қыркүйекте Бас прокуратура Түркияның әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген. Осыған байланысты Түркияның құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізді.
Биыл ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстады.
9 мамырда Анталья қаласының соты Талғат Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазіргі уақытта қамауда. Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.
Еске салайық, бұған дейін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты үкім шығарған еді.
"Сот үкімімен А кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Соттың 03.05.2023 жылғы үкімі бойынша тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы жалпы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген сот хабарламасында.

"Әйелдерді ылғи ұрысқақ, долы, толық етіп көрсетеді": Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылады
