Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жол жүру құны ақылға қонымды деңгейде болады": Астана әкімі LRT құрылысы жөнінде айтып берді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте LRT құрылысы жайында баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Лрт

Фото: primeminister.kz

Әкімнің сөзінше, бүгінде эстакада бөлігінің құрылысы аяқталып, станцияларда темірбетон жұмыстары орындалған. Сондай-ақ Есіл өзені арқылы көпір салынды. Қазір 18 станцияның құрылысы жүргізіліп жатыр. 

“2026 жылдың соңына дейін жобаны толық аяқтау жоспарланған, оның ішінде Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдайақов көшесінің бойындағы LRT эстакадасы астындағы аумақты абаттандыру қарастырылған”, – деді өз баяндамасында.

Жеңіс Қасымбек алғашқы пойыз құрамдары 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында жеткізілетінін айтады. 

“Қазір рельстер салынып жатыр. Көктемде дабыл жүйелері салынады. Күзде 15 құрам жеткізіледі деп күтеміз. Техникалық қозғалыс келер жылдың соңында басталады. Толыққанды жұмысын 2026 жылдың басында бастайды. Алғашқыда жолаушылар легі күнделікті 20 мың жолаушы болады деп күтілген, алайда бұл одан да көп болуы мүмкін. Нақты жол жүру құны әлі есептеледі. Қазір нақты айта алмаймын. Бұл – қоғамдық көлік. Сондықтан жол жүру құнын халықтың барлығына қол жетімді, ақылға қонымды деңгейде бекітеміз”, – деп түсіндірді Жеңіс Қасымбек. 

Талқылау