«Астана-Көкше» ЖШС директоры мемлекеттің 32 миллион теңгесін жымқырды деп күдіктелді
Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Астана-Көкше» ЖШС директорына аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ол М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі