“Астана” футбол клубы жекенің қолына өтеді
Фото:”Астана” фк
Елордалық “Астана” футбол клубы жекенің қолына өтеді. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифингте хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр қазіргі таңда инвестор бар екенін, алайда келіссөздер толық аяқталмағанын айтуда.
"Инвестор бар. Қазіргі таңда барлық рәсімдер аяқталған жоқ, сондықтан нақты ақпаратты әзірге жариялай алмаймыз. Бірақ инвестордың бар екенін сенімді түрде айта аламын", – деді министр.
Бұған дейін “Астана” футбол клубын бірыңғай оператор Sport Qory арқылы қаржыландырылып келген.
Айта кетейік, бұдан өзге Астаналық "Жеңіс" клубын Kaspi.kz компаниясының басшысы Михаил Ломтадзе сатып алды. "Шахтер" клубының жаңа иесі – кәсіпкер Тимур Турлов. Петропавлдың "Қызылжар" командасы Сергей Канға тиесілі болды. Ал "Ақтөбенің" жаңа басшысы – Qazaq Stroy компаниясының жетекшісі Нұрлан Артықбаев. Қызылордалық "Қайсар" клубын 30 қазаннан бастап ресми түрде "TAU Group LTD" компаниясының басшысы Исламғали Қозыбақов басқармақ.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған

