Астанада 9 айлық сәби ауруханада емделу кезінде күйіп қалған

Астанада ауруханада 9 айлық сәби ауруханада ем алу кезінде кенет күйіп қалған. Сәбидің анасы мұны дәрігерлердің салғырттығынан екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
KöpSöz Telegram арнасының мәліметінше, астаналық әйелдің қызы №3 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына пневмония диагнозымен жатқызылған. Сәби жансақтау бөлімінде емделген. Анасының айтуынша, емдеу кезінде медициналық қызметкерлердің немқұрайлығынан сәби аяғынан күйік алған.
Анасы медициналық қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын және сәби жағдайына қажет бақылаудың болмағанын айтты. Ол ресми тексеру жүргізіп, жауапты тұлғаларды тәртіптік және басқа да жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.
-
Солтүстік Қазақстанда мұғалім эксперимент жасаймын деп өртеніп кете жаздады
-
Павлодардағы мектепте 6-сыныптың жеті оқушысы химиялық затпен ойнап күйіп қалды
Ал Астана қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы бұл факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр