Астана әуежайында үшінші жолаушылар терминалы салынбақ
Фото: nn-airport.kz
Астана әуежайында жолаушылар ағыны 10 миллион адамға жеткеннен кейін үшінші жолаушылар терминалы салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Курсив басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мәлімдеді.
"Үшінші жолаушылар терминалының құрылысы жылына 10 миллион жолаушыға жеткен кезде басталады деп жоспарланып отыр. Ал жүк терминалының құрылысы 2026–2028 жылдар аралығында жүзеге асады", – делінген хабарламада.
2024 жылдың қорытындысы бойынша әуежайдағы жолаушылар ағыны 8,3 миллион адамға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 11,3% артты. Егер осындай өсім қарқыны сақталса, үшінші жолаушылар терминалының құрылысы алдағы үш жылда басталуы мүмкін.
Сонымен қатар компания 2025 жылы басталған цифрлық технологияларды енгізу үдерісін жалғастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 2026–2027 жылдары биометриялық бақылау бекеттері, жолаушылар ағынын басқарудың интеллектуалды жүйелері, сондай-ақ логистикалық және сервистік үдерістерді автоматтандыру белсенді түрде жүзеге асырылады. Барлық өзгерістер жолаушылар мен жүк айналымының болжамды өсіміне сай кезең-кезеңімен енгізілмек.
Сондай-ақ әуежай өкілдері әуежай мен Астананың жаңа теміржол вокзалы арасындағы LRT желісі іске қосылғаннан кейін әуежайдағы жолаушылар ағыны арта түсетініне сенімді.

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
