Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Астана әуежайына қону кезінде ұшақ құстармен соқтығысты

Фото: shutterstock.com

Астана әуежайына қону кезінде SCAT әуекомпаниясының ұшағы құстармен соқтығысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 1 мамыр күні Шымкент–Астана бағыты бойынша ұшып келген жолаушылар рейсінің қону барысында болған.

SCAT әуекомпаниясының мәліметінше, құстың соқтығысуы салдарынан әуе кемесінің бір бөлігі зақымданған. Техникалық тексеріс жүргізіліп, зақымдалған бөлшекті ауыстыру туралы шешім қабылданды. 


Пхукет-Алматы бағытындағы ұшақта ер адам орнында отырып, дәрет сындырған

Қазақстанда әскери ұшақтарды жалға беріп, табыс табу ұсынылды


"Шымкент-Астана рейсі қону кезінде құспен соқтығысты. Зақымдалған бөлшекті ауыстыруға байланысты рейсті күту уақытында Астана-Шымкент бағыты бойынша ұшуы тиіс жолаушыларға қонақүйге орналастыру мен әуежай терминалында тамақпен қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылды", – делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Ұшақ қалыпты жағдайда қонған, ал ұшақтың келесі рейсінің кешігетіні туралы барлық жолаушыларға хабар берілген.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда жағажайдан құс өлекселері табылғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Жұма, 02 Мамыр, 2025 19:04
Талқылау