Астана әуежайы ондаған рейстің кешігуіне қатысты мәлімдеме жасады

Фото: DS28 / Wikimedia Commons, CC BY-SA 4.0
Астанадағы халықаралық әуежайда қолайсыз ауа райына байланысты 39 рейстің ұшуы мен қонуы кешіктіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келетін 23 рейс пен 16 ұшып бара жатқан рейстің уақыты өзгерген.
“Рейстердің кешігуі олардың ұшып шығу пункттерінен кеш келуіне байланысты болады. Астана әуежайындағы барлық қызмет түрі әдеттегідей жұмыс істеп, олардың келуіне қарай рейстерге уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп жатыр”, – делінген хабарламада.
Жолаушыларға рейстерінің ағымдағы күйін авиакомпания өкілдерімен тексеру ұсынылады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"