Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға жол талғамайтын көлік тарту етілді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender көлігінің кілтін табыс етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елорда әкімі Олимпиада жүлдегеріне алғыс айтып, сәттілік тіледі.
“Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр”, – деді әкім.
Сондай-ақ ол Олимпиада жүлдегерінің бапкері Асқар Еркебаевқа 10 миллион теңгенің (20,9 мың доллар) сертификатын табыстады.
Айта кетейік, бұған дейін Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласын ұтылып, күміс медальге ие болған еді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен