Астанада көпірден секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана соты қаладағы "Қараөткел" көпірінің үстіне шығып, секірмек болған ер адамға қатысты істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 10 маусым күні болған. Көпірдің үстіне шыққан ер адам видео түсіріп, оны жеке сот орындаушысына және бұрынғы әйеліне жіберген.
Сот отырысында азамат өз кінәсін толық көлемде мойындады.
Малдың артынан суға секірген: Ақтөбеде 16 жастағы бала қой үшін ажал құшты
"Сотта ол ажырасқаннан кейін алименттік міндеттемелер бойынша 1 миллион теңгеден астам қарызы жиналып қалғанын атап өтті. Оның айтуынша, қаржылық жағдайы мен эмоциялық жағдайы оны қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерге итермелеген", – делінген сот хабарламасында.
Ер адам “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді