Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада үй-жайы жоқ қаңғыбас ұтып алған 100 мың теңгені алудан бас тартты

Астанада қызықты оқиға болды. 100 мың теңге ұтып алған қаңғыбас сыйақыдан бас тартты.

2138446

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ұтыс иегерлері бір ай бұрын супермаркеттерде науқанды стикерлері бар «Ассам» шайын сатып алған. Ондағы код нөмірін көрестілген нөмірге жіберген. Осылайша сый иегері атанды.

Үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбас «Ассам» маркасынан 100 мың теңге ұтып алды, алайда ол ұтыс ақшасын алудан бас тартты. Өзгелер сый ретінде шай алды.

Олардың бәрі мұның күтпеген жағдай екенін айтып жатыр. Тіпті, бастапқыда ұтыс иегері атнғанына сенбегендер де бар.

2138446

Ең қызығы ұтыс алған қаңғыбас ер адам одан бас тартты. Бұл алғаш рет болып отырған жайт.

Ол не себепті ұтыстан бас тартып отырсыз деген сұраққа: «Өйткені мен қаңғыбас адаммын. Мен құдайдан қоқыс араламау үшін ақша беруін сұрағанда берген жоқ. Енді жақсы өмір сүріп жатырмын», – деді ол.

Александр Коломиецтің бұл әрекеті БАҚ беттеріне жарияланып кетті. 56 жастағы Александр қоқыс арасынан шайдың қорабын тауып алып, ондағы нөмірді хабарламамен жіберген. Ақырында 100 мың теңге ұтып алып, ол ұтысынан бас тартты. Оның мұндай қадамға баруына діни көзқарасы себеп.

Науқанның аяқталуына әлі екі апта уақыт бар. 120 жеңімпаз жыл бойына шай алып, 50 адам 100 мың теңгеден ала алады.

Тағы да оқыңыз:

Сеулде қазақстан азаматы эстакададан секіріп қайтыс болды

Атырауда 8-сынып оқушысы анасының жуған еденін былғағаны үшін өзінен кіші баланы сабап тастады

Шетел азаматы тарауық намазынан соң ислам дінін қабылдады (видео)

Талқылау