Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғынмен жаға ұстасқан асаба төбелестің неден шыққанын айтып берді

Ғаламторда «Мария арман едің» әнімен танылған әнші Асхат Тарғыновтың той үстінде асабамен төбелесіп қалған видеосы пайда болған. Әншінің дөрекі қылығына таңырқаған жұрт жағасын ұстады. Арада көп уақыт өтпей оқиғаның бас кейіпкерлерінің бірі асаба Айбек Қоңырбаев оқиғаның неден туындағанын айтып берді.

Screenshot_10

Қоңырбаевтың айтуынша, оқыс оқиға 21 қыркүйек күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде болған. Асаба әншіні ашуландыру үшін немесе елді шулату үшін бүлікті әдейі ұйымдастырмағанын мәлімдеді. Барлығы кездейсоқ болған, деп хабарлады Tengrinews.kz.

“Бекітілген бағдарлама бар, менің басқаруыма қарап отырған той иелері бар. Асхат Тарғын өзі кешігіп келіп, менің ән айтуым керек деп бас салды», – деді Қоңырбаев.

Одан кейін асаба дөрекі сөйлеп, намысына тиген әншінің кеудесінен итеріп жіберген. Осымен іс бітті деп ойласа керек-ті әрі қарай өз жөнімен кете барды. Ал асабаның қылығына шыдамаған қызуқанды әнші оның артынан жүгіріп барып, бас салған. Тіпті, еденге құлатып, артынша екеуін тойға келген қонақтар ажыратуға мәжбүр болған.

«Біреудің тойын әдейі бүлдірейін деген ойым жоқ”, – деген Айбек сол күннен кейін әншімен хабарласпағанын мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, ғаламторда әнші Асхат Тарғынның той үстінде асабамен төбелесіп қалған видеосының пайда болғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз: 

Есентаева: Қазақстанда бәрі ұят пен қымсынудан тұрады

Алтынбек Қоразбаев “Ninety one” тобын жақтап сөйледі

Гүлмира Ақүрпекованың күйеуін өз құдашасы тартып алған (фото)

Бала күнінде Мәдинаның кассеталарын сатып күн көрген продюсер онымен бірге ән айтты (видео)

 

Талқылау