Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат қызымен бірге “Әке тілегі” әнін орындап, клип түсірді (фото,видео)

“Чип-чип” әнімен танылған «той» әншісі Асхат Тарғын қызымен қосылып орындайтын «Әке тілегі» атты туындыға бейнебаян түсірді.

ай5

Оқушы Айым танымал әкесі жайлы клип түсіріп жатқан алаңға барған Stan.kz  сайтына алғаш рет, отбасы жайлы  сұхбат берді.

ай2

Әнші бірінші отбасында дүниеге келген қызын өнер жолына тәрбиелеп жүр.

«Иә сонау Ақтөбеден жалғыз қызым Айымды алдырып бейнебаян түсіріп жатқан жайымыз бар. Бұл туындыда біз бала мен әкенің арасындағы махаббат пен мейірімділікті баяндаймыз»,-дейді әншінің өзі.

ай4

Бірнеше ай бұрын екінші рет отбасын құрған Асхат мырза қызы мен қазіргі әйелінің арасындағы қарым-қатынасқа  тоқталып өтті.

ай6

«Менің екінші әйелім ақылды. Қызым келе салысымен екеуі қыдырып, базарға барып, киім алды. Аллаға мың да бір шүкір, екеуін де жанымдай жақсы көремін. Мені сыйлағандары шығар, тату»,-дейді Асхат.

Ал барша халыққа әншілігімен одан қоса актерлігімен танылып үлгерген Айым алғашқы клипінің түсірілімі өзі қалағандай жүріп жатқанын айтты.

Ай3

 

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу шарт.

Оқи отырыңыз:

Талғат Жорабаев: Сәбит әпкемді жиі жылатып, қорлап жіберді

Ерлан Орынбасаров: Баянның қиналғанын көріп, оны қалдырып кетуге қорықтым

Серік Ибрагимов перзентханадан шыққан сүйіктісін тосынсыймен күтіп алды (фото, видео)

Нұрлан Қоянбаев қазақ тілі туралы сәтсіз әзіл айтқан Мұсағалиевті қорғады

Мөлдір Әуелбекова: Ұлымды 2 жасына дейін омырау сүтімен өсіремін

Талқылау