Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын елді шулатқан төбелестің неден туындағанын өз аузымен айтып берді

Әнші Асхат Тарғын аты шулы оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді. Әнші бұл оқиғада кінәлі асаба Айбек Қоңырбаев деп отыр. Айтуынша, асаба о бастан-ақ онымен дұрыс сөйлеспеген.

асхат

«Тойға бардым. Онда мені бір сағат күттірді. Менің алдымда жас әншілерді жіберді. Сабыр сақтап күттім. Келесі шығасың деді, бір әншілерді күттім. Сосын тағы келесіден соң шығасың деді. Тағы жарайды дедім. Негізі барғаннан менімен дұрыс сөйлескен жоқ. Бірдеңе сұрасам дұрыс жауап бермейді. Маған өші бардай сөйлесті. Сабыр, сабыр деп күттім отырдым. Дайындалып тұр едім, бір әнші баланы жіберді. Шақырып: «Неге мені жібермедің?» деп сұрадым. Той иесі бір баланың көп күтіп қалғандығын айтқан екен. Содан кейін антракт басталатынын, соны менің ашатынымды айтты. Той иесінің айтқаны болғаннан кейін соған бағынамыз ғой. Жарайды деп оны да күттім», – деді Асхат Тарғын Астана телеарнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Алайда, әншінің айтуынша, асаба тағы да айтқанын орындамай, антракт басталғаннан кейін де Асхатты ортаға шақырмаған. Сахнаға шығуға дайындалып, аппараттың қасында тұрған Асхат ашуға бой алдырып, асабаның иығынан итеріп жібергенін жасырмады.

«Бір кезде антракт болды, біреулер тос сөйледі. «Барлықтарыңыз ортаға биге шығыңыздар» – деді, мені тағы хабарламады. Бір кезде ашуланып кеттім. Сосын: «Мен саған айттым ғой қазақшалап, неге жібермейсің? Бір тос, екі тос күттім. Үшіншісінде «антрактіні сен бастайсың» дедің, неге хабарламайсың» десем, маған дөрекі сөз айтты. «Бауырым сенікі дұрыс емес» деп ашулана иығынан түртіп едім, жағымнан салып жіберді. Халықтың көзінше солай жасағаннан кейін, мен де қарап тұра алмадым», – деп ақталды Тарғын.

Алайда асаба Айбек Қоңырбаевтың нұсқасы бұдан өзгерек. Асаба Асхат Тарғынды жұлдыз болып кеткен деп есептейді. Айтуынша, ол тек той иесінің тапсырмасы бойынша әншіден біраз уақыт күтуді сұраған.

Screenshot_5

Айбек Қоңырбаев. “Ел аузында” бағдарламасынан скриншот

«Тілек беріп тұрсам, құлағыма келіп «қашан шығамын, қашан шығамын» деп ызыңдай берді. Той болған соң, той иесінің тапсырмасы болады арнайы. Мен шамалы тұра тұр дедім. Бар айтқаным осы. Баласынып тұр ма, білмеймін ғой не істегенін кеудемнен итеріп. Тіпті, өзі бастап ұрып, балағаттап жатыр. Жұлдыз болса өзіне жұлдыз. Ондайды басқа біреуге көрсетсін, үйінде көрсетсін», – дейді ашынған Айбек Қоңырбаев.

Ал Асхаттың сахналас-әріптесі Абай Бегей әншінің біреумен жаға жыртысқанын көрген емеспін дейді. Роза Әлқожа видеоны өз көзімен көрсе де, оқиғаның растығына сенбей отыр. Ал Ақжол Мейірбеков сапасыз бейнебаян түсіріп, халықты алдап келе жатқан Асхат Тарғынның бұл қылығын құптамады. Кімнің ақ, кімнің қара екенін ажырату біздің емес, халықтың міндеті!

Жіберіп алмаңыз:

 Төреғали “Алло” әнін жазып берген досына Gelandewagen тарту етті

Ninety one “91” тобына бәсекелес “99” тобы “пайда болды” (видео)

Айсәуле Бақытбек: Мен әкемнің қорғаушысы емеспін

Ақтөбеде атышулы Ninety one тобының концерті өтпей қалды

 

Талқылау