Асхат Тарғын бұрынғы әйелімен қызғаныштың кесірінен ажырасқанын айтты
«Мария арман едің» деп ән салып, бір-ақ күнде жұлдызға айналып шыға келген әнші Асхат Тарғынның соңғы уақыттары басы даудан арылмай жүр. Бұл жолы Тарғын қызғаныш тақырыбын сөз етті. Әнші қызғаныштың кесірінен әйелімен айырылысып кеткенін мойындады.
«Қызғаныштың соңы өзімнің де басымнан өтті. Үлкенді-кішілі сахнада жүргеннен кейін мен де отбасын құрдым. Келіншегім қызғанды. Ер бала болғаннан кейін қыздар көп жазады. Қызғаныштың аяғы ажырасуға, отбасын бұзуға немесе үлкен ұрыс-жанжалға апарады. Қызғаныштың арты жаман болады. Сондықтан келісіп шешкен дұрыс», – деді ол Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда әнші той жүргізіп тұрған асабамен төбелесіп қалды. Халықтың басым бөлігі әншінің бұл қылығын бейәдептілікке теңеді. Енді біреулер Асхат Тарғын өзіне жарнама жасау мақсатында осындай қадамға барды деп болжауда. Асаба Айбек Қоңырбаев әншінің жұлдыз ауруына шалдыққанын айтқан-ды. Алайда әнші мұның бәрін жоққа шығарып, болған іске асабаның өзін кінәлады.
Мұрат Қожа «үш баласын тастап кетті» деп сөккендерге жауап берді (фото)