Асхат Садырбай “үш рет отбасын құрды” дегендерге жауап берді
Асхат Садырбай әріптесі Маржан Сұлтанбаймен бірге “күйеу жігіт және қалыңдық” болып түскен суретін көрсетті. Танымал журналист “3-4 рет отбасын құрып, ажырасты” деп ойлайтындарға жауап берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Асхат Садырбай шын мәнінде екі рет заңды некеде болғанын айтты.
“Бұл осыдан 5-6 жыл бұрынғы “Шіркін Life” реалити шоуының промо фотосессиясы. Республикалық “Керемет” журналы Маржан екеумізді күйеу жігіт пен қалыңдықтың киім үлгісінде (оқырманды тарту үшін) түсіріп, шоу туралы бірнеше беттік мақала шығарған. От боп жалындап тұрған шақ, тарсылдатып түсіп тастадық. Мені 3 рет, 4 рет үйленді деп өсек шығаратындарға азық болатын болды-ау, мейлі, айта берсін, айта берсін, құлақ та үйренді.
Бірінші заңды некем сәтсіз боп, екінші заңды некемен өмір сүріп жатқанымды жақындарым жақсы біледі. Сіздер де алып-қашпа әңгімелерге ере бермеңіздер. Бұл жәй ғана шоу, рейтинг үшін түскен дүние болатын. Маржан екеуміз доспыз, әріптеспіз, арада ешқандай артық әңгіме болмаған”, – деп жазды Асхат желідегі парақшасында.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғали мен Еркені бірге көрген жұрт өзара қырқысып қалды
Бағдат Сәмединова: Қазіргі ер азаматтар өз жауапкершілігін сезінбейді
Асхат Садырбай Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беруді ұсынды
Димаш қатысқан Singer жобасының қазақстандық нұсқасы пайда болды