Әскерилердің отбасына жылына бір рет Қазақстанда пойызбен тегін жүруге рұқсат беріледі

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы күштік құрылымдардың әскери қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел ішінде жолаушылар пойызымен тегін жол жүре алады. Жеңілдік тек ішкі бағыттарға қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық ұланның мәліметіне сенсек, бұл бастама әскери қызметкерлердің отбасыларына бірге демалып, еңбек демалысына шығуға немесе жақындарын барып көруге мүмкіндік беретінін айтты. Осылайша билеттерге кететін шығын едәуір азаяды.
"Тегін жол жүру құқығы тек Қазақстанның ішкі бағыттары бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздарына ғана таралады. Сонымен бірге тиісті шығындар ұлттық компания – “Қазақстан темір жолы” қаражаты есебінен өтеледі", – деді “Жолаушылар тасымалы” АҚ экономика және тасымалды есепке алу департаментінің бас менеджері Айнұр Базарбаева.
- Енді елімізде ер адамдардың да декрет демалысы еңбек өтіліне есептеле бастайды
-
Қазақстанда мерзімді әскери қызметкерлерге несие алуға тыйым салынбақ
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда әскери қызметкерлердің жалақысы көтерілетінін жазған едік. Алғашқы кезең 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылды. Офицерлік құрамның жалақысы орта есеппен 20,3%, ал қатардағы және сержанттық құрамның жалақысы 33,9% өскен. Сондай-ақ еліміздегі әскери қызметкерлердің күнделікті азық құны 3 150 теңгеге дейін өсті.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты