Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери қызметкердің ұлдары тапаншамен ойнап жүріп, абайсызда бірі екіншісін атып алды

Сот бес әскери қызметкердің мемлекеттік шекара қорғанысы ережелерін бұзу және жас сәбидің өліміне алып келген қаруды пайдалану ережелерін бұзу туралы іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлады ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі.

2309208

Сот отырысы барысында 2017 жылы 7 ақпанда шекара қызметі әскерилері мемлекеттік шекараны қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікке қарумен шығу туралы бұйрық алып, өз беттерімен қызмет орнын тастап кеткен. Аға лейтенанттың бұйрығымен олар кіші сержанттың үйіне келеді де, бөлмелердің біріне қаруларын тастап кетеді: төрт Калашников автоматы, табелдік тапанша.

“Кіші сержанттың кішкентай ұлдары табельдік тапаншаны тауып алып, қарумен ойнап жүреді де, бірі екіншісін абайсызда атып алады. Бала аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды”, — деп мәлімет берді сотта. Қызылорда шекаралық бекетінің бес әскери қызметкеріне қатысты іс Шымкент гарнизоны әскери сотында қаралды. Сотталушыларға ҚР ҚК 445-бабына сәйкес айып тағылған. Әскерилердің бәрі бір жылға сотталып, әскери шендерінен айырылды.

Тағы да оқыңыз:

Биыл жазда қайда демалуға болады?

19 жылдан бері түрмеде отырған Қазақстан азаматы Дубай сотынан кешірім беруін сұрады

Өске­мен тұрғыны иегімен сурет салады

Талқылау